ТМД байқаушылары миссиясы сайлау науқанының мониторингін бастады
Соңғылары да аккредитациядан өтті. Олар президенттік сайлау қарсаңында Қазақстанға келіп, өңірлерге барады. Байқаушылар тобы басшыларының қатысуымен Үйлестіру кеңесі құрылады. Олардың жұмысының қорытындысы 21 қарашада жарияланады.
Ильхом Нематов, ТМД Атқарушы комитеті төрағасының орынбасары:
-ТМД бақылаушылар миссиясы алдағы президенттік сайлау науқанына мониторинг жүргізуге кірісті. Бүгін біз мұнда штабты ашамыз, ол негізінен бақылаушылар миссиясының ұйымдастырушылық мәселелерін шешумен айналысады. Әрине, ол өңірлер бойынша, Астана қаласы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді бақылаушыларды бөлумен айналысатын болады. Ең бастысы Қазақстанның сайлау заңнамасын бағалаумен айналысады.