Қарақат Әбден Павлодар облысындағы дарынды балаларға арналған музыкалық колледжде болды
Алпыс жылдан астам тарихы бар колледже қазір 300 астам жас білім алып, өнерін шыңдауда. Мұнда халықтық аспап, ән салу, шекті аспаптар секілді 10 бөлім бар. Студенттердің 80% ауылдық жерлерден. Білім алу тегін. Қарақат Әбден ұстаздармен кездесуде сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Оқытушылардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Еркін диалог аясында ойларымен бөлісті.
Қарақат Әбден, ҚР Президенттігіне кандидат:
- Ұлттық тәрбиені, ұлттық дәстүрді қоғамға насихаттайтын ол біздің ұстаздар. Осыны ұмытпауымыз керек. Музыкалық колледжге неге келдік? Себебі өнер, музыка арқылы қоғам тәрбиеленеді. Осы кісілердің жұмыстары өте зор.