Мектептер элекронды оқыту құралымен қамтамасыз етілуі мүмкін
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин оны сервистік модель арқылы жүзеге асыруды ұсынды. Яғни мемлекет планшетті тікелей сатып алмайды, компаниялардың құралы мен қызметін жалға алады. Айтуынша, бұл механизмнің бірқатар артықшылықтары бар. Бюджетке жүктеме азаяды. Планшеттер арнайы тарифпен мобильді интернетке қосылады. Сонымен қатар рұқсат етілген онлайн ресурстар тізімі қашықтан жаңартылып отырады. Осылайша бала тек оқу үрдісіне қатысты мәліметтерді ғана падаланады. Айта кетейік, осы арқылы Қазақстанда планшет өндірісін дамтыту көзделіп отыр.
Бағдат Мусин, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Біз бизнеске осындай сауал беріп жатырмыз. Бізге осындай өндірістер қажет. Біз осындай ақпаратты бердік. Енді бизнесмендерден ұсыныстарды күтеміз. Университеттеріміздің ішінде НИИ бар ғой. Солармен бірігіп олардың микроэлектроникасын талқылайтын боламыз.