Президент «Рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды
Сотталғандардан 40 адам заң күшіне енген сәттен бастап түрмеден шығады. Тағы 50 адам жарты жыл аралығында босатылады. Заңға сәйкес жазадан қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар ғана босатылады. Ал ауыр және аса ауыр қылмысқа барғандардың жазасы қысқартылады. Заң нормаларына сәйкес мемлекетке опасыздық жасағандар, террористер мен экстремистер түзеу мекемелерінен босатылмайды.
Сондай-ақ, Президент Каспий теңізіндегі «Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы» заңға да қол қойды.