Қажыкен өндіріс қызметкерлерімен кездесті
Бұл өндіріс орны жылына 200 мың тоннадан астам рельс шығарады. Кәсіпорын өнімдері ішкі және сыртқы нарыққа жеткізіледі. Кандидат қызметкерлерге сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Зауыт мамандары да сұрақ қойып, пікір алмасты. Мұнан соң кандидат құрылыс цехының жұмысымен танысып, сайлаушылармен кездесті. Мұнда 500-ден астам адам еңбек етеді. Олардың 90% кәсіподақта.
Татьяна Васильева, кәсіпорынның зертхана басшысы:
- Әрине, қоғам белсенді болу керек. Ел азаматы ретінде маңызды сәт туғанда жауапкершілік сезіну қажет. Сондықтан сайлаушылар әр кандидаттың бағдарламасына қызығушылық танытып, танысып, өз таңдауын жасауы тиіс.