Қазақстандықтардың 70% астамы президент сайлауына баруы мүмкін
Нақтырақ тоқталсақ, әңгімеге тартылған халықтың 55 проценттен астамы 20 қараша күні өз таңдауымызды жасаймыз деп нық жауап берген. Респонденттердің 16 проценті дауыс беруге баратын шығармыз деп айтқан. Ал 18 проценті әлі нақты шешім қабылдап үлгермедік деді. Сауалнама жүргізушілер бұл топтың тең жартысы сайлауға баруы ықтимал деп бағалаған. Қатысушылардың 6 %-ы мүлде дауыс бермейміз деп жауап қатқан.
ӘЛЕУМЕТТІК САУАЛНАМА
ДАУЫС БЕРУГЕ БАРАМЫН - 55,4%
ДАУЫС БЕРУІМ МҮМКІН -16,2%
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАП ҮЛГЕРМЕДІМ -18,3% -50/50
ДАУЫС БЕРУГЕ БАРМАЙМЫН - 6,1%