Қажыкен Тараз қаласына барды
Жастар елдегі және әлемдегі жағдайлар туралы сұрады. Жиында елдің қорғаныс жағдайы, IT-саласының дамуы, жұмыссыздық, бағаның өсуі және жастар саясаты тақырыптары да қозғалды. Содан соң, кандидат қаладағы сүт зауытына барды. Кәсіпорында тәулігіне 80 тоннадан астам сүт өңделеді. Кандидат зауыт басшысы және қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Мейрам Қажыкен, президенттікке кандидат:
- Тараз қаласы маған өте жылы қала. Өйткені осы жерде менің студенттік шақтарым өткен. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Осы салада мәселелер бар екен. Кредит, экспорттау көп енді мәселе. Солардың бәрін талқыладық, ортаға салдық. Ұсыныстарды жазып алдым.