Хабар телеарнасы

Сайлау 2022: президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова дауыс берді

Дауыс беру орнына ол өзінің ұлымен бірге келді. Бұл учаскеде 1777 адам тіркелген екен. Айта кету керек, Салтанат Тұрсынбекова «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан сайлауға қатысып жатыр. Ол үгіт-насихат науқаны кезінде еліміздің 11 өңірін аралап үлгерген.

Салтанат Тұрсынбекова, ҚР президенттігіне кандидат: 
- 12 өңірге бардық үгіт-насихат жұмыстарымен. Барлық өңірлерде біздің 20 штабтарымыз құрылған. Менің екі перзентім бар, ағайын-туыстарым бар. Өте көп. Осы Қазақстанның барлық өңірлерінде, бәрі бір ауыздан қолдау көрсетіп. Балаларымның менің анам осындай дәрежедегі, биік дәрежедегі президенттікке өзін ұсынғанына олардың тарапынан ешқандай күмән болған жоқ. Қайта қолдап, мақұлдады менің шешімімді.