Хабар телеарнасы

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мәжіліске заңдарды қабылдау құқығы беріледі

Қос палата депутаттары Парламенттің регламентіне осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Сондай-ақ регламентке сәйкес енді Үкімет басшысы депутаттардың алдында бірқатар заң жобаларын қорғауға міндеттеледі. 

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Үлкен заңдар болады алдағы жылы, мысалы, Парламентке келетін әлеуметтік кодекс бар, салық кодексі бар, сол сияқты құжаттар талқыланған кезде Премьер-министр келіп оны қорғау керек деп есептеймін. Бюджет өзімен-өзі. Жоғары аудиторлық палатаның баяндамалары да Премьердің қатысуын талап кетеді. Сондықтан құдай қаласа алдағы жылы Премьер Парламентке жиірек келеді деп есептеймін.