Министрлер кабинетінің құрамы жаңарды
Яғни 32 мен 35 жас аралығында. Бірақ жас болса да бас болатындай тәжірибелері бар, – дейді саясаттанушылар. Олардың айтуынша, тағайындаулар мен жақын арада өткен басқа да саяси реформалар ең алдымен осы мемлекеттік органдардың тиімді жұмысын ұйымдастыруға бағытталған.
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Премьер-министрдің сөзі өтуі үшін министрлердің жас болуының қажеті жоқ. Өйткені министрдің ең негізгі мәселесі ол сол саланы жетік білуі керек. Ұрпақтар сабақтастығы деген бар. Яғни жастар келуі керек, жасы жеткен азаматтар орнын босатып отыру керек. Бұл өзгерістерде сондай бір логикадан тыс ешқандай бір қадамдар жоқ. Керісінше осы министрлер кабинетінің ішінде әртүрлі уақыттың азаматтары қазір жұмыс істейтін болады.
Қуаныш Сайлау, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері:
- Әрине экономикалық, әлеуметтік реформаларды іске асыру үшін орта, ұзақ мерзімді жоспарлар қажет. Бірақ та саяси тұрғыдан біз тиімді жұмысты ұйымдастыра алсақ, білімді адамдарды басқарушы лауазымдарға қоятын болсақ, онда осы экономикалық, әлеуметтік реформалар мүмкін.