«AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі 7 ақпанда өтеді
Жиынға «AMANAT» партиясының барлық аймағынан делегаттар қатысады. Жиында Мәжіліс пен мәслихаттарға кандидаттардың тізімі жасалмақ. Ерлан Қошанов алдымен партиялықтарды тыңдап, алдағы сайлау науқанына дайындық мәселесі бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
-Бұл сайлауға «AMANAT» үлкен дайындықпен, біз келе жатырмыз. Біздің мүмкіндіктеріміз мол. Қалыптасқан дәстүрлі электоратымыз, үлкен тәжірибеміз бар. Партия қазір елдегі жүргізіліп жатқан реформалардың алдыңғы шебінде болуы тиіс.