«Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өтті
Сенат төрағасының қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Жиында елдік мүдде жолындағы ортақ мақсат, мемлекеттік институттар мен қоғамның күші жайлы түрлі ойлар ортаға салынды. Сындарлы сәтте ұлтты біріктіретін ортақ құндылықтар қажет. Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бастамасымен елде ауқымды өзгерістер болып жатқанын атап өтті. Айтуынша, Конституцияға енгізілген өзгерістер Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Негізгі құндылықтарымызды айтатын болсақ, ол — әрине тәуелсіздік, еңбекті құрметтеу, білімді азаматтарды тәрбиелеу. Қазіргідей ақпараттық тұрғыдан күрделі заманда ортақ құндылықтарды дәріптеу үшін ұтымды замануи тетіктер керек.