Respublica партиясы өкілдері Шиелі ауданынына табан тіреді
Аудан халқымен кездесіп, партияның негізгі тұғырнамасын таныстырды. Саяси науқанның маңызы жайлы сөз қозғалып, артынша тұрғындарды толғандырған мәселелер талқыланды. 100-ге тарта адам жиналған басқосуда партия жетекшілері талап-тілектерді тыңдап, өз ұсыныстарын жеткізді. Кейін аудан маңындағы ірі шаруа қожалығына ат басын бұрып, егін шаруашылығына қатысты мәселелермен таныс болды. Әсіресе өңірдегі қуаңшылықтың басты проблема екені айтылды. Партия өкілдері: «бұл тұрғыда мемлекеттік бағдарламаларға бірқатар өзгеріс қажет», – дейді.