Хабар телеарнасы

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы спортшылармен кездесті

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы киокушин будокай каратэден елордада өткен дүбірлі доданы тамашалады. Жарыс басталмас бұрын спортшылармен және олардың бапкерлерімен кездесті. Тілдесу барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоршаған орта мен экология мәселелеріне қатысты әңгіме өрбітті. Спортшылар оларды шешу жолдары бойынша пікір алысып, ойларымен бөлісті. Өз кезегінде партия басшысы саяси құрылым тұғырнамасының негізгі бағыттарына тоқталып, алдағы науқанның маңыздылығын түсіндірді. Сауалдарға жауап берді. Елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформа туралы пікір алысты. Кездесуден кейін байтақтықтар дәстүрлі сайысқа жиналған спортшылардың жекпе-жектерін тамашалап, жанкүйерлік танытты.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
- Негізгі мақсаттардың бірі, құндылық – ол денсаулықты сақтау. Спорт – ең бірінші ол денсаулықтың кепілі. Жастарды спортқа бағыттау, талпындыру – ең басты мәселе боп тұр.