Хабар телеарнасы

«Байтақ» жасылдар партиясы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

«Байтақ» жасылдар партиясы Эстонияның жасылдар партиясымен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Келісім еуропалық әріптестермен онлайн форматта өтті. Қос партия құжат аясында ғылым, білім және экология саласында тәжірибе алмасуды көздеп отыр. Іс-шара барысында байтақтықтар өздерінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, Қазақстанда өтетін саяси науқанның маңыздылығына тоқталды. Қазір партияның үгіт-насихат жұмыстары аймақтарда кестеге сай жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін сайлаушылармен 3,5 мыңнан астам кездесу ұйымдастырылды. Штаб өкілдері халыққа партияның бағдарламасын таныстырып, саяси реформа төңірегінде ой бөліседі. Сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, сауалдарға жауап береді.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
-Біз олдардан көп нәрсе үйренуіміз керек. Сондықтан тәжірибе алмасу бағытында, бар нәрсені дамыған елдегі елімізге пайдалануымыз керек. Сол үшін міне өзіміздің шетелдік жасылдар партиясымен меморандумға отырып жатырмыз. Бұл елімізге ең бастысы, табиғатымызды сақтауға көмектеседі.