«Ақ жол» партиясының қолдаушылары Алматыдағы саябақтың бірінде жиналды
Алматыда бейбіт шеру өтті. «Ақ жол» партиясының қолдаушылары қала ішіндегі саябақтың бірінде жиналды. Еліміздің әнұранын шырқаудан басталған жиын, жастардың би билеп, ән айтуымен жалғасты. Жиналғандарға партияның сайлауалды тұғырнамасы таныстырылды. Қойылған сұрақтарға барлығы жауап алды. Кәсіпкерлер ой-пікірмен бөлісіп, бизнес ашудың қыр-сырын айтты. Әкімдікпен келісілген бейбіт шеруге 500-ге жуық адам қатысты.
Азат Перуашев, «Ақ Жол» Демократиялық партиясының төрағасы:
-Енді осы жиналысымыздың мақсаты — бұл партиямыздың бастапқы ұстанымдарын талқылау. Әрі қарай сайлауалды үгіт-насихат кампаниясы енді шешуші сондай кезекке келіп отыр. Сол үшін өзіміздің мүшелерімізге бір серпін беріп, бір бағыт беруге тырыстық.