Хабар телеарнасы

AMANAT өкілдері Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

Партиялықтар Болат Нұржанов атындағы Екібастұз-1 мемлекеттік аймақтық электростанциясы ұжымымен жүздесті. Жиында еңбеккерлерді толғандырған мәселелер талқыланды. Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Екібастұз тұрғындарымен де кездесу өткізді. Аманаттықтар партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді.

Елнұр Бейсенбаев, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы:
-Сіздердің әрқайсыңыз тек қана қызметкер емессіздер. Сіздер осы қаланың тұрғынысыздар. Кешке үйге баратын, бәріміз жұмыстан шаршап келген кезде жылы үйде, бала-шағаларыңызбен бірге ыстық шай ішіп, тыныш өмір сүргіміз келеді. Ол үшін барлығымыз бірге атсалысуымыз керек.