«Сарап» эксперттік клубы сайлауалды үгіт-насихат науқанына баға берді
Олардың айтуынша кандидаттар өз бағдарламаларын таныстыруды көбіне әлеуметтік желіде жүргізген. Ал өңірлерде «Есіктен есікке» акциясы аясында ауқымды аудитория жиналған. Сарапшылар: «Әрбір азаматтың ендігі міндеті – үміткерлердің кім екеніне қарамай, идеяларына дауыс беру», - дейді. Өйткені бұл қалыптасып келе жатқан саяси мәдениеттің негізгі алғышарты.
Олжас Бейсенбаев, ҚҚДИ сарапшысы:
- Бұл сайлдау дауыс берушілер үшін де, оларға үәде беріп жатқан партиялар мен кандидаттар үшін де үлкен жауапкершілік. Осыған дейін 3-4 пікірсайыс өтті ғой телеканалдарда. Қарап отырсақ, пікірсайыс барған сайын конструктивті болып келе жатыр. Шынымен де саяси мәдениеттің саты сатымен қалыптасып келе жатқанын аңғаруға болады.