Хабар телеарнасы

ЖСДП сайлауалды науқан барысында атқарған жұмысын қорытындылады

Саяси ұйым төрағасы Асхат Рахымжановтың айтуынша, бірлестіктің үгіт-насихат жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жүргізілді. Аймақтық штабтар жұмысын тоқтатқан жоқ. Партия белсенділері елді мекендерді түгел аралап, тұрғындармен кездесті. Парақшаларын таратып, плакаттарын ілді. Бірлестік мүшелері ресми парақшаларында тікелей эфирге қосылып, оқырман жолдаған сауалдарға жауап берді. «Бұл тұрғыда волонтерлар көп көмек көрсетті», - дейді партия төрағасы.

Асхат Рахымжанов, ЖСДП төрағасы: 
- Үгіт-насихат кезеңін түйіндедік. Науқан уақытында бірқатар жұмыс атқарылды. Бейбіт митинг, автошеру мен онлайн-кездесулер ұйымдастырдық.