Астанада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7% артқан
Астанада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7%-ға артқан. Үкімет басшысы Олжас Бектенов елордадағы бірнеше кәсіпорындардың дамуымен танысты. «Елорданың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 5,5 трлн теңгеге жетті»,– деді аймақ басшылығы. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7%-ға артық. Мұндағы шағын және орта бизнестің үлесі 72%-ды құрайды. Қаладағы өндіріс көлемін арттыру үшін соңғы он айда шамамен 1,3 трлн теңге инвестиция тартылған. «Алдағы міндет – қайта өңдеуді жоғары деңгейде дамыту, отандық шикізатты тиімді пайдалану және қайта өңдеу, сондай-ақ ірі кәсіпорындардың айналасында сабақтас өндірістерді қалыптастыру. Бұдан бөлек импортқа тәуелділікті төмендетіп, экспортты арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасау маңызды»,– деді Премьер-министр.