Қысқы Азия ойындары басталды. Биылғы байрақты бәсекені Қытайдың Харбин қаласы қабылдап жатыр. Жаңа ғана жарыстың ресми ашылу рәсімі өтіп, 34 елдің өкілі салтанатты шеруге қатысты. Араларында қазақстандық қыз-жігіттер де бар. Құрлықтық доданың маңызы мен оған ұлттық құраманың дайындығы жайында, сол жақта жүрген әріптесіміз Аслан Қаженов айтып берсін.