2021 жылғы жазғы Универсиаданың өтетін уақыты өзгерді
- Категория: Спорт

Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) 2021 жылы Қытайдың Чэнду қаласында өтетін жазғы Универсиада ойынының уақытын бастапқы жоспардағыдан екі күнге кейінге шегерді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Универсиада-2021 ұйымдастыру комитетінің өтініші бойынша студенттер ойны 2021 жылы 18-29 тамыз аралығында өтетін болды. Бастапқыда жарыс 16-27 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған болатын.
ХХХІ Дүниежүзілік студенттік ойындарға 150-ден астам елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде. Универсиада-2021 кезінде спорттың 18 түрінен 269 медаль жиынтығы сарапқа салынады.