Хабар телеарнасы

Ертең 8:00-де «Хабар» арнасынан Д.Елеусінов пен Д.Индонгоның жекпе-жегін көріңіздер

Жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы IBF Inter-Continental белбеуі сарапқа салынады.

Данияр үшін бұл кәсіби мансаптағы алғашқы титулды кездесу. Елеусіновтің сайысын жанкүйерлер «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көре алады. Бокс бәсекесі елорда уақытымен таңғы сағат 6.00-де басталады.

Данияр Елеусінов, кәсіпқой боксшы:

Индонгоға қарағанда менің техникалық дайындығым мықты деуге болады. Яғни ширақ, шапшаң қозғаламын. Десе де Индонгоны осал қарсылас деп айта алмаймын. Ол алыстан жақсы жұмыс істейді. Мен үшін бұл жекпе-жекте жеңу өте маңызды. Сондықтан бар қарым-қабілетімді көрсетуге тырысамын.