Шымкентте мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында республикалық би сайысы басталды
Тірек қимыл аппараты зақымданған спортшылардың қол арбада отырып, би билеу спорты елімізде біраздан бері өтеді. Олардың жеткен жетістіктері мен әлемдік сахнадағы рөлі орасан. Сайыста тағдыр сынына мойымай, өмірден өз орнын тапқан жандар ерік-жігер мен мол күш-қуатын танытуда. Екі күнге жоспарларған спартакиадаға 60 спортшы қатысуда. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар үлестірілмек.
Ардақ Отарбаев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
- Екі жыл бойы пандемияның себептеріне байланысты ешқандай жарыстар өткен жоқ. Ешқандай жарыстарға қатысқан жоқпыз. Енді біз әділдікті ғана қалаймыз. Өйткені біз бүгінгі жарысқа жақсы дайындалып келдік. Шымкенттік тұрғындар бізге қонақжайлылығын көрсетіп жатыр.