Хабар телеарнасы

Бейжің 2022: қазақстандық паралимпиадашы Александр Герлиц қола медаль жеңіп алды

Бейжің 2022: қазақстандық паралимпиадашы Александр Герлиц қола медаль жеңіп алды

Ол 10 км қашықтыққа бағытталған парабиатлоннан үшінші болып келді. Жарыс Чжанцзякоу қаласының ұлттық биатлон орталығында (ҚХР, Хэйбэй провинциясы) өтіп жатыр.

Қазақстандық спортшы парабиатлоннан 10 шақырымға түрегеп сырғанауда жарыс жолына шықты. Александр еліміздің атынан аталған сайыста бақ сынаған жалғыз спортшы болатын. Александр Герлиц мәре сызығын үшінші болып қиды. Ол жарыс жеңімпазы атанған канадалық Марк Арендзден 1:25.6-ке қалып қойды. Күміс жүлдені украиналық Григорий Вовчинский алды. Айта кетсек, бұл – медаль биылғы қысқы Паралимпиадада қазақстандық спортшылардың алғашқы жүлдесі.