Қазақ дзюдошылары Париж Олимпиадасында бақ сынайды
Дзюдодан Париж Олимпиадасына жолдама беретін рейтинг турнирлері өтіп жатыр. Біз үшін басты жарыс Парижде басталады.
Әлемдік Гранд-слэмге 110 елден 700 жуық спортшы қатыспақ. Олардың қатарында ұлттық команданың 14 өкілі бар. Ең жеңіл салмақта Елдос Сметов өнер көрсетеді. Жарақатына байланысты ұзақ уақыт байрақты бәсекелерге шыға алмаған Елдос үшін бұл олимпиадаға баратын мүмкіндіктің бірі.
Бұған қоса 60 келіде Жамбыл облысының тағы бір өкілі Нұрқанат Серікбаев бағын сынайды. Үміткерлер тізімінде Ғұсман Қырғызбаев, Есет Қуанов, Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар, Нұрлыхан Шархан, Асқар Нарқұлов, Айдар Арапов және Ермахан Ануарбеков сияқты балуандарымыз бар. Ал аса ауыр салмақта Ғалымжан Қырықбай мен Ерасыл Қажыбаев жүлдеге қол созып көреді. Париждегі жарыс 5 ақпанға дейін жалғасады. Оның жеңімпазына рейтинг бойынша 1000 ұпай беріледі. Ал күміс пен қола жүлдегер сәйкесінше 700 және 500 ұпайдан алады.