Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы халықаралық турнир басталды. Спорт жаңалықтары
Түркістанда бокстан Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске түсіруге арналған халықаралық турнир басталды. Бұл cында былтыр бері бұрымды боксшылар да бәсекеге түседі. Жарыстың ашылу салтанатында Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов пен Бекзаттың анасы қатысты. Саттарханов көзі тірі болғанда биыл 44 жасқа толар еді. Ел намысын абыроймен қорғаған боксшыны халық жадында мәңгі сақтау үшін халықаралық турнир жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл 22-ші мәрте өтіп жатыр. Саттарханов турнирі елімізде жастар арасындағы ең ірі жарыс саналады. Финалдық жекпе-жектер Бекзаттың туған күні 4 сәуірде өтеді.
Дәурен Тәңірбергенов, Олимпиада ізбасарларын дайындайтын спорт мектебінің директоры:
-Осы жарыста қанша баламыз спорт шебері атағын қорғап және де ересектер арасында да түрлі деңгейде жарысте жеңімпаз болып, Олимпиадаға қатысушы болып жатқан жағдайымыз бар. Алдағы уақытта осы жастар арасынан келесі 28-ші жылғы олимпиадаға талай үміткерлер шығады деген ойдамыз.
Алматыда әскерилер арасында қазақ күресінен ашық турнир өтті
Республикалық бәсекеге еліміздің барлық күштік құрылымдарынан 50-ден астам спортшы қатысты. Биыл алғаш рет «Жас сарбаз барысы» атағы үшін де белдесулер ұйымдастырылды. Турнир қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшысы, сержант Әділ Оразбаев топ жарды. Енді ол Республикалық «Қазақстан барысы» турниріне қатысады. Десанттық шабуылдаушы әскерінің жауынгері Нұрсейіт Сахыбаев «Жас барыс» атанды.