Хабар телеарнасы

Азия біріншілігі мәреге таяды

Азия біріншілігі мәреге таяды. Үстел теннисінен Азия чемпионаты Қазақстан жетінші орында. Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Байрақты бәсекеге 26 мемлекеттен 200-ден аса спортшы жиналды. Ерлер арасындағы командалық сында жерлестеріміз тарихи нәтиже тіркеді. Яғни жарыс қорытындысы бойынша 7-орынға тұрақтады. Бұл салыстырмалы түрде құрлықтық додалардағы ең жоғары көрсеткішіміз саналады. Кирилл Герасименко, Алан Құрмангалиев және Айдос Кенжеғұлов үштігі бұл жолы Иран командасымен кездескен еді, Тартысты өткен ойындар сериясында жерлестеріміз 3:1 есебмен жеңіске жетті. Ерлер арасында бас жүлдені Қытай құрамасы иеленді. Ал әйелдер арасында Жапония құрамасы жеңімпаз атанды. Енді жұптық және жекелей сындар бойынша жүлделі орындар сарапқа салынады. Азия біріншілігі 14 қазанда аяқталады.

Авторы: Жандос Айтбайұлы