Жетісу төрінде волейболдан қыздар командалары арасындағы ұлттық лигаганың төртінші тур ойындары өтіп жатыр. Сәрсенбілік жарыс күні сенсацияға толы болды. Қарағандылық бойжеткендер турнир кестесінің төменгі сатысында келе жатқан Ару-Астананы 2:0 есебімен ұтып тұрып, жеңісті қолдан бере салды. Дәлірек айтсақ, Мейірбек Нұғыспановтың шәкірттері жеңіске деген жігер мінез танытты. Осылайша елордалықтар турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алды. 10 команданың ішінен тек 8 команда ғана плей-оф кезеңіне жолдама алатынын ескерсек Ару-Астана басты қарсыластары Грациядан ұзай түсті. Нұрлан Садықов баптайтын Сарыарқалықтар бүгін Жайықтың волейболшылармен болған ойында босаңдық танытпай 3:1 басым түсті. Солтүстік Қазақстандық бұрымдылар бүгін Түркістанның Тұранын тұралатып тастады. Ал турнир кестесінде Жетісу жеке дара топ бастап келеді.
Перизат Нұрбергенова, «Жетісу» ойыншысы:
- Осы уақытқа дейін біз екінші орында келе жатқанбыз. Өткен турда “Берел” командасын ұтып, Алланың қалауымен 1-орынға шықтық. Бүгін “Түркістан” командасымен ойнаймыз. Осы турды ұтқан соң, келесі тур плей-офф болады. Плей-оффта чемпиондыққа ойнаймыз Алла қаласа. Чемпион болғаннан кейін, чемпионат Азияға дайындаламыз. Әзірге мақсатымыз осы.