Хабар телеарнасы

«Бір туынды тарихы» циклі: «Жолың болсын, жолаушы» әні

Өткен ғасырдың 80-жылдарын ән әлеміндегі төңкеріс кезеңі десе болады. Санадағы өзгеріс музыкаға да өзгеріс алып келді. Дәл осы кезеңде билеуге ыңғайлы, ширақ, екпінді әндер көптеп дүниеге келе бастады. Жаңа толқын пайда болды. Тек қазақ өнерінде ғана емес, әлемдің аренадағы әннің ауаны өзгерді.

Бұл серпіліс қазақ даласына да сіңісе бастады. Халықтық әндерге эстрадалық ноталар қосылып, жаңа стильдегі әндер пайда болды. Соның бірі – «Жолың болсын, жолаушы» әні. «Бір туынды тарихы» циклінде осы әннің табиғатына тереңірек үңілеміз.