«Келінжан 3» телехикаясы YouTube видеохостингінің трендтер қатарына енді
YouTube тренді – көрермен ең көп көретін, бір-бірімен бөлісіп, талқылайтын танымал бейнематериалдар жиынтығы. Ескеретін жайт, бұл тізімге бір арнадан тек үш бейнематериал кіре алады екен.
«Келінжан 3» телетуындысының алғашқы сериясы бір тәулікте жарты миллионға жуық қаралым жинады. Айта кетейік, 2019 жылы «Келінжан» телехикаясының алғашқы маусымы интернеттегі қазақстандық сериалдар арасында рекорд жаңартқан болатын. Небәрі екі аптаның ішінде миллион адам қараған. Ал екінші маусымды 5 күнде миллионнан астам көрермен тамашалады.
Танымал телетуындының жаңа серияларын арнамыздан күнделікті сағат 21:30-да және Хабар SHOW YouTube каналынан көре аласыздар.