«Хабар» арнасының телехикаялары YouTube арнасында миллиондаған қаралым жинауда
Халық көзайымына айналған «Келінжан-3» және «Рауза. Сакураның гүлдеуі» сериалдары рекордтық қаралым санын жинап, YouTube видеохостигінің трендтеріне енді.
«Келінжан-3» комедиясының 15 бөлімі 26 миллионнан астам қаралым жинады. Көрсетілім барысында телехикая YouTube трендтерінің алғашқы орындарынан тұрақтады. Жобада көрініс тапқан ауылдағы отбасы өмірін әлемнің 50-ге жуық елінің көрермендері қызықтады. Кинотуынды отандық көрермендермен қатар көршілес Қырғызстан, Ресей, Өзбекстанның қолданушылары арасында үлкен сұранысқа ие болды. Сонымен қоса, АҚШ, Моңғолия, Корея Республикасы, Түркия, Ұлыбритания және тағы басқа мемлекеттердің көрермендері кейіпкерлердің шытырман оқиғаларын тамашалаудан қапы қалмады.
Осы күзде көрерменге жол тартқан «Рауза» телехикаясы да YouTube арнасында 19 миллионнан астам рет қаралған. 40 елдің көрермендері 5 миллион сағат бойы сүйікті кейіпкерлеріне жанашыр болып, кинотуындыныға өз бағасын берді.
YouTube қолданушылары жаңа маусымның жобаларына жақсы пікірлер қалдырып, өздерінің қызыға қарайтын телехикаяларының жалғасын түсіруді талап етуде. Өз кезегінде «Хабар» телеарнасы өз көрермендерін қуантуды жалғастырады. Қазіргі кезде эфирге «Қақпан» телехикаясы ұсынылды. Жуырда «Пәленшеевтер» жанұясының шытырманға толы оқиғаларының жалғасы көрерменге жол тартады.
Қыркүйек айында «Хабар» арнасы көрермендерінің қаралым сағаттары 14 миллионға жетті. Бүгінгі таңда Агенттіктің видехостингінде 8,5 миллион «бірегей жазылушы» бар.
Бізді Youtube-тен қараңыз: https://www.youtube.com/c/KhabarSHOWTV