Шет елде тұратын 65 этникалық қазаққа «Ата жолы» картасы берілді
Шет елде тұратын 65 этникалық қазаққа «Ата жолы» картасы берілді. Елде өз ісін дамытуға дайын бизнес-эмигрант 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды. Бұл Карта шетелде тұратын этникалық қазаққа тұрып жатқан елінің азаматтығын сақтай отырып беріледі. «Ата жолы» картасының иегерлері елге кіргенде 10 жыл тұруға рұқсат алады және еңбек ететін өңірін өзі таңдайды. Медициналық мекемелерде қызмет пен әлеуметтік төлем алу, Қазақстан аумағында жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, білім алу, Қазақстанның азаматтығын алу сияқты құқы болады. Бірақ Парламент пен мәслихаттарға сайлануға, сондай-ақ сайлауда дауыс беруге, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ әрі мемлекеттік қызметке қабылданбайды.