Ташкентте «Иннопром 2025» Орталық Азия өнеркәсіп көрмесі жұмысын бастады. Халықаралық іс-шараға қазақстандық компаниялар қатысып жатыр. Отандық ұжымдар тау кен, құрылыс, машина жасау саласына қажетті технологияны көпшілік назарына ұсынды. Көрменің алғашқы күнінен-ақ шетелдіктер қазақстандық өнімге зор қызығушылық танытты. Келіссөздер жүргізіліп, серіктестер табылған. Биылғы көрмеге 35 елден 500-ге тарта компания қатысып жатыр. Олардың ішінде Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясының іргелі ұжымдары бар.