Brent маркасының баррелі 101 доллардан асса, америкалық WTI 104 долларға жетті. Сөйтіп, бір күнде қара алтынның құны 7-8 пайызға өскен. Инвесторларды әсіресе АҚШ-тың Ормуз бұғазын бұғаттауға қатысты шешімі алаңдатып отыр. Сарапшылар бұл әлемдегі энергетикалық дағдарысты ушықтыруы мүмкін деп санайды. Өйткені, стратегиялық су жолы арқылы дүниежүзіндегі мұнай мен газдың 20 пайызы тасымалданады.