Оңтүстік Кореяда өрт салдарынан екі қазақстандық көз жұмды
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді. «29 сәуірде Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт болып, нәтижесінде 38 адам қайтыс болды, 10 адам жарақат алды. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайтыс болған 38 адамның 29-ы, оның ішінде Қазақстан Республикасының екі азаматы анықталған. Біздің Сеулдегі дипломаттар жергілікті билікпен байланыста», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Бұған дейін мамандардың қоймадан шыққан өртпен бірнеше сағат арпалысқанын хабарлағанбыз.