АҚШ коронавирусты жұқтырудан алдыңғы шепте тұр
Тағы 500 мыңнан астам адам дерт салдарынан қайтыс болды. Джонс Хопикинс университеті ұсынған мәлімет осындай.
Ақпаратқа сәйкес, вирус жұқтырудан АҚШ әлі де көш басында. Әлем бойынша инфекция жұқтырған адамдардың төрттен бірі осы елдің үлесінде. Яғни осы уақытқа дейін Америкада 2,6 млн азаматтан вирус табылып, 129 мың кісі қайтыс болған. Қазір індеттен Техас, Калифорния, Джорджия мен Аризона штаттары зардап шегіп отыр. Осыған байланысты аталған аймақтарда қоғамдық орындардың көбі жабылып жатыр.
Рене Сьерра, жергілікті тұрғын:
- Барлық мекеменің қызметін тоқтату - жақсы ой. Себебі жастар көбіне сақтық ережелерін елемей жатады. Неғұрлым жасымыз үлкен болса, соғұрлым басымызды қауіп-қатерге тігетінімізді олар түсінбейді.
Ал науқастар саны бойынша әлемде екінші орында тұрған Бразилияда шектеу шаралары жеңілдей бастады. Рио-де-Жанейрода жұрттың барларда бетпердесіз жүрген бейнежазбалары желіге тарап жатыр. Арақашықтық ұстау талаптары да сақталмаған.
Айта кетейік, жуырда ел Президенті қоғамдық орындарда маска тағуды міндеттеген еді.