Қытайда цифрлық экономиканың үлесі 7 трлн доллардан асты
Бұл көрсеткіш бойынша көрші ел әлемде екінші орында тұр. Жылдың соңына дейін мұнда жоғары технологиялық компаниялардың саны 80 мыңнан асуы мүмкін. Мамандардың сөзінше, соңғы жылдары онлайн сауданың қарқынды дамуына 5G технологиясы серпін берген. Әлемде осы 5G жүйесін пайдаланушылардың 60% астамы, яғни 600 миллионы — Қытай тұрғындары. Сарапшылар: «Бұған негіз де жоқ емес», — дейді. Қазір бұл елде ұялы байланыстың бесінші буынының 3 миллиондай станциясы салынған. Алдағы жылға дейін тағы 600 мыңын орнату жоспарланып отыр.