Жетісуда Италияның Марке политехникалық университетінің филиалы ашылды

  • 54
  • 17.07.2025, 18:48

Салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, Ғылым және жоғары білім министрі, Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және жергілікті ғалымдар мен студенттер қатысты. 

Жаңа кампуста тағам инженериясы, туризм, экономика және цифрлық технологиялар бағыттары бойынша білім беру жоспарланған. Қазіргі уақытта университеттің италиялық профессорлары оқытушылық қызметке тартылып жатыр. Сондай-ақ түлектерге халықаралық тәжірибе алмасуға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріледі. 

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Президентіміздің тапсырмасымен қазір Қазақстанда ең мықты шетелдік университеттердің филлиалдарды ашылып жатыр. 40 университет келді. Қазір жылыжайлар көп ашылып жатыр. Агрономдар керек. Олардың өздерінің жоғарғы техникалық деңгейі, цифрлық платформалары, жөндейтін, жүргізетін, басқаратын кадрлар керек. Сондықтан Талдықорғанымызға 6 мықты Италияның профессоры жақын арада келеді. Мықты бағдарламаларды бастаймыз.