«Келешек мектебі»: Жаркентте робототехника кабинеті ашылды

  • 7
  • 25.11.2025, 19:56

 Жетісу облысы, Жаркент қаласындағы Келешек мектебінде робототехника кабинеті ашылды. Бұл оқушылардың инженерлік ойлауын, шығармашылық қабілетін және ғылыми-техникалық сауаттылығын дамытуға арналған заманауи білім беру кеңістігі. Кабинет 3D-принтерлермен, Arduino және LEGO Education платформаларымен, бағдарламалау станцияларымен жабдықталған. Онда оқушылар жасанды интеллектке негізделген құралдармен жұмыс істейді.