Жезқазғандағы №8 гимназия оқушылары ұлттық нақышта тігілген мектеп формасына көшкен
Жезқазғандағы №8 гимназия оқушылары ұлттық нақышта тігілген мектеп формасына көшкен. Жоғары сыныпта оқитын қыздар шолпы тағып, ұлдар басына тақия киетін болған. Ал 9-сыныпқа дейінгі оқушылар қазақы ою бедерлерген біркелкі форма киеді. Мұғалімдері де біртіндеп костюмді ұлттық нақыштағы киімдерге алмастыра бастаған. Осылайша, білім ордасы өзге мектептерге үлгі болды. Гимназияның коворкинг орталығы да ұлттық нақышта жасақталған. Сабақ арасындағы үзілісте оқушылар сонда барып, домбыра шертіп, асық ойнайды.
Кәусар Алтай, оқушы:
-Иә, ұлттық киімді әрдайым киіп жүруге тырысамыз. Өте қатты ұнайды. Осы киімді кию арқылы өзге ұлттарға киімдерімізді дәріптейміз.
Мәдина Алдажанова, №8 гимназия мұғалімі:
-Қыз балаларымыз шекелік тағып, қамзол киіп, шашбау тағып бойларын, жүріс-тұрысын түзеп, соның бәріне тәрбиелік мәні бар. Әр сыныптың ұлттық киім нақышы, үлгісі мен түстері де әртүрлі.