Алматы тұрғыны өзіне операция жасаған Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерімен дауласып жүр. Қала тұрғыны қолына жасалған екі бірдей ота сәтсіз өтті деп есептейді. Оның айтуынша, құжаттарда да сәйкессіздіктер бар. Ал медицина мекемесі операция талапқа сай өткенін және науқастың сүйегі дұрыс біткенін алға тартады.
Ғалымжан Көбеевтің сөзінше, былтыр жазда қолына операция жасалған. Алайда жағдайы жақсармағандықтан, екінші мәрте хирургиялық көмекке жүгінеді. Ол екі операция да нәтижесіз болды деп есептейді. Қазір бір саусағы бүгілмейді. Сонымен қатар оған берілген медициналық құжаттарда диагноз бен дәрігерлердің атауы сәйкес келмейді.
Ғалымжан Көбеев, қала тұрғыны:
-Сынған бесінші саусағым. Сол кезде өзім орталық больницаға келгенмін. Диагнозым, диагнозымды еще дұрыс жазбаған. Базада өтірік мына жер сынған деп жаңағы білек жағы сынған деп. Оның да жаңағы қағаздары бар. Қазіргі уақытта қолым дұрыс жасамайды.
«Ал Орталық қалалық клиникалық аурухананың травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі операция медициналық стандарттарға сай жасалды», – дейді. Оның айтуынша, отаға дейінгі және одан кейінгі рентген нәтижесі бар. «Сүйек арнайы темір шыбықпен бекітіліп, кейін дұрыс біткен», – деп отыр. Асқыну болмағанын алға тартады.
Қанат Тәуекелов, ОҚКА травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі:
-Ол науқас бізде екі рет жатты. Екі медициналық карта бойынша. Иә, бірінші картада қате бар дейді, қате шынымен де болды. Еекі дәрігерге ескерту берілді. Контрактура деген бар. Контрактура деген мына буынаралық қимыл-қозғалысының ограничениясы. Оны жаңағы реабилитолог мамандар айналысады. Біз сол реабилитолог мамандарға барып, реабилитация өтуге кеңес бердік.
Ғалымжан Көбеев медициналық ақпараттық жүйеге енгізілген деректерді жалған деп есептейді.
- Нақты талабым – кінәлі дәрігерлерді жауапқа тарту. Екіншісі – менің қазіргі медициналық картам базасында ФСМС-та жалған болып тұр. Сол жағдайды өзгерту қажет.
Көбеев Алматы қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне де арызданған.
Дамир Дәулетбаев, Алматы қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы:
-Біз заң көлемінде тексеріс аштық. Ол тексеріске жаңағы тәуелсіз эксперттер тартылды. Заңға сәйкес. Сөйтіп жаңағы УКПСУ прокуратураға арнайы жаңағы құжаттары тіркеліп, сөйтіп жаңағы тексеріс өтті. Үш маман да қорытынды жасады. Операциядан кейінгі рентгендерін салыстырып. Сөйтіп соның барлығы өз деңгейінде өтті. Дәрігерлердің тарапынан енді қате, көлемді денсауалыққа зиян келтіретіндей болған жоқ.
Ғалымжан Көбеев өз пікірін дәлелдеу үшін енді басқа да құзырлы органдарға шағымданбақшы.
Ернұр Рысбай, Кенже Амраев, Сержан Жұмабаев