Елімізде топырақ құнарсызданып барады
Қазақстан жеріндегі топырақтың 33%-і бүлінген және деградацияға ұшыраған.
Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы ұйымдастырған халықаралық конференцияда айтылды. Сала мамандарының мәліметінше, су балансының бұзылуынан елімізде сортан, яғни тұзданған жер қабаты артып келеді. Одан бөлек, табысты өнім алу үшін химиялық тыңайтқыштарды, пестицидтерді шамадан тыс әрі жөнсіз пайдалану белең алған. «Бұл фермерлер мен ауыл тұрғындарына және экологияға қауіпті», - дейді мамандар.
Жаңыл Бозаева, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының үйлестірушісі:
- Өйткені көп қожалық топыраққа неғұрлым көп тоңазытқыштар пайдалануы мүмкін. Неғұрлым көп пестицидтер қолдануы мүмкін. Бірақ бұл дұрыс емес. Біз осылайша топырақтың денсаулығын құртып алуымыз мүмкін. Бұл неге маңызды? Өйткені дүниежүзінде тамақтың 95%-і топырақтан жасалады. Яғни топырақтың денсаулығы – бұл азық-түлік қауіпсіздігінің басты элементі, - деп айтуға болады.
Ал депутаттар болса «Топырақты қорғау» туралы заң жобасының дайындалып жатқанын айтты. 36 тармақтан тұратын заңның маңызды бір бөлігі – жалға немесе пайдалануға берілген жер топырағының сапасын бақылап отыру жауапкершілігі.
Нұржан Әшімбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Неге десеңіздер, әртүрлі шартта жерді берген кезде мемлекет тарапынан топырақтың сапасын зерттеу осы заңда қарастырылған жоқ. Сондықтан да біз оны ертеңгі күні қандай деңгейде пайдаланушыға бердік. Ертеңгі күнгі оның жауапкершілігі. Соның барлығын заң арқылы қарастыруымыз керек.