₸18 трлн: Несиеге белшесінен батқан азаматтардың саны артып келеді
Қазақстандықтардың несие бойынша қарызы 18 триллион теңге. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, несиеге белшесінен батқан азаматтардың саны артуда. Мәселен, қазір 8,5 миллион адамның банк алдында берешегі бар. Ал 1 миллион 700 мыңы қарызын өтеу мерзімінен кешіккен. Яғни кешіктіргендердің қарызы 1,5 триллион теңгеге жуық. Тіпті жаңа өмірге енді ғана қадам басқан студенттердің 65% несие бар. Мамандардың айтуынша, бұған басты себеп — қаржылық сауатсыздық. Сондықтан «AMANAT» партиясы мен Үкімет бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Онда азаматтар ақшаны жинау, үнемдеу мен көбейтудің әдісін үйренеді. Жыл соңына дейін 750 мың адам қаржылық сауаттылық курсын оқиды.
Фариза Асылбек, «Қарызсыз қоғам» жобасының бас менеджері:
-Бұл жоба 5 ақпаннан басталды. Осы жылдың аяғына дейін 31 желтоқсанға дейін созылады. Әр дүйсенбі сайын бізде жаң лек. Ертең бізде 3 лектің аяқталуы. Адамдар жазылу үшін біз qogamfin.kz деген бағадарламасын шығардық. Яғни ешқайда барудың қажеті жоқ. Телефон арқылы, ноутбук арқылы тіркеле аласыздар. Одан кейін менеджерлер хабарласып оқу орнын көрсетеді.