Тез байимын деп, басы бәлеге қалды. Синтетикалық есірткі тасымалдағаны үшін 2001 жылғы азаматқа қатысты сот отырысы өтті. «Сот процесінің көрсетіліміне қала жастары да қатыстырылды. Ондағы мақсат: жеңіл жолмен ақша табудың соңы аса ауыр қылмыс екенін түсіндіру», — дейді прокурорлар. Былтыр елорданың 49 тұрғыны 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Оның 24-і синтетикалық есірткіні тығу жолымен таратқан. Ал 132 тұлға есiрткi мен психотроптық заттарды жеке қолданыс үшін сақтаған.
Елдар Нұрмаханов, Астана қаласы Прокуратурасының басқарма басшысы:- Ағымдағы жылы 34 адам бас бостандығынан айырылған. Олардың орташа жасы 17 мен 25 жасты құрайды. Қазіргі сәтте 11 адамға қатысты іс сотта қаралып жатыр.
Темірлан Кешімбаев, 1-курс студенті:-Менің бүгінгі соттан түйген ойым, 20-30 мың үшін 11 жыл бостандығынан айрылған жаман ғой. Егер оларға тура сондай заттар ұсынса, бірден 102-ге хабарласып, ұсынып отырғанын айтуы керек.