Хабар телеарнасы

Қазақстан мен Ресейдің «Бәйтерек» зымыран кешенін құру келісіміне өзгеріс енгізілмек

«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешені құрылады. Оны Қазақстан мен Ресей бірлесе атқармақ. Парламент Мәжілісінде қос ел Үкіметінің бұл тұрғыдағы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралды. Келісімге сәйкес, ұшу сынақтарының басталу мерзімдерін 2023 жылдан биылға ауыстыру, бірлескен кәсіпорынға салық бойынша преференциялар беру және өзге де өзгерістер енгізу көзделген. Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның айтуынша, Байқоңыр ғарыш айлағының болашағы мен жергілікті жердегі Қазақстан азаматтарының құқықтарын қамтамасыз ету бойынша да үлкен мүмкіндіктер бар. Қазір онда шамамен 70 мың халық тұрады.  

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Совет Одағы 1950 жылдан бері бастап келе жатқан космодром. Біздің мақсатымыз оны барынша бейбіт технологиямен, барынша экологияға және халыққа кем әсер ететін технологиялармен жұмысын жалғастыру.