Алматы облысы Талғар аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелері келісімге келе алмай отыр. Аудан тұрғыны әрі осы кеңестің мүшесі Марат Жапаров ұйымның жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Себебі ол түйіткүл мәселелерді көтеріп отырған жоқ. Жиындар есеп беру үшін өтеді,-дейді. Ал Қоғамдық кеңестің төрағасы Айдар Сарипов барлық жұмыс заңға сай жүргізіліп отыр,-деп мәлімдеді.
Марат Жапаров – қоғам белсендісі, 1-ші топтағы мүгедек. Өздігінен жүріп-тұруы қиын болса да аудандағы талай түйіткіл жайтты көтеріп, оның шешілуіне түрткі болып жүр. Бір жарым жылдан бері Талғар аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі бұл кеңес әлеуметтік салаға барынша назар аударып, мониторинг жүргізіп отыруы керек. Бірақ оны ойдағыдай атқарып отырған жоқ. Көбінің уақыты тапшы. Бірақ кеңеске кіріп алған,-деп наразылығын жеткізді.
Марат Жапаров, Талғар аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі:
- Аурухана туралы сұрақтар көтердік, мониторинг істедік. Ол кезде де көп адамдар қатыспады. Депутаттар да қатыспады. Қазір қаншаға жұмыс лайық болады деген сұрақ тұр. Мысалы, мемлекеттік қызметтің өзінің жұмысы толып жатыр. Есептері бар. Олар қоғамдық кеңеске кіреді. Депутаттардың өзінің шақырулары бар және мына қоғамдық кеңеске кіріп алған. Мына біздің НПО-лар, қоғамдық, демократиялық партиялар істеу керек деп ойлаймын.
Ал кеңес төрағасының өз айтары бар. Бәрі ережеге сай,-дейді. Қоғамдық кеңеске 21 адам кіреді. Соның 7-і ғана мемлекеттік органнан.Өзгесі үкіметтік емес үйым өкілдері, кәсіпкерлер, заңгерлер, мұғалімдер. Арасында 2 облыстық мәслихат депутаты бар.
Айдар Сарипов, Талғар аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
- Марат Жапаров бұрынғы составқа кірген. Жаңадан құрылған составқа қайтадан кірді. Көпшілік дауыспен мені қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайландым. Жапаров Марат төрағалыққа өзінің кандидатурасын ұсынды. Бірақ бір адам да қолдамады. Бір кісі қалыс қалды. Халық өзінің бір сұрақтары болса, шешу жолдарын табу – ең негізгі бағытымыз, мақсатымыз.
Марат Жапаров та менің көздегенім осы, қоғамдық бақылауды жүзеге асыра отырып, азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосу,-дейді. Бірақ әзірге екі тарап бір-бірімен келісе алмай отыр.
Қарлығаш Қайыпбекова, Сұлтан Бейскенов