Енді кәсіпорындардағы әр қызметкердің өмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Елімізде қауіпсіз еңбек және өнеркәсіптік қауіпсіздік тұжырымдамалары іске асырылып жатыр. Кәсіпорындар тек өнімділікті ойламау керек. Жұмысшыларға қолайлы еңбек жағдайы жасалғаны жөн. Халықаралық стандартқа сәйкес бұл – экономиканы дамытудың маңызды шарттарының бірі.
Мамандардың айтуынша, технологиялар дәуірінде жұмысшы мамандықтарға қойылатын талаптар да өзгеше.
Әлімжан Бекмағамбетов, ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау ғылыми зерттеу институты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары:
- Қазір тағы бір үрдіс бар. Бұл - экологиялық талаптар. Қазір өндірісті дамыту, өз қызметкерлеріне қамқорлық жасау ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға қамқорлық жасау да маңызды. Егер қандай да бір оқиға орын алса, техногендік апат жаман. Сондықтан бүгінде халықаралық стандарттар бойынша жасыл жұмыс орындарын құру, «жасыл» экономикаға көшу мақсаты тұр.