Қарағанды облысындағы түзеу мекемелері сотталғандарды кітап оқытып, тәрбиелеуді қолға алды. Сөйтіп 2021 жылдан бері «Шекарасыз кітап оқу» акциясын өткізіп келеді. Биыл бұл шараны ақын Абайдың 180 жылдығына орайластырыпты.
Мақпал Мадиярова, тілші:
- Қарағанды қаласының шетіндегі 35 түзеу мекемесінде 750 адам жазасын өтеп жатыр. Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы 10 түрмеде 5000 мың сотталған бар.
Орташа кауіпсіздіктегі бұл мекемеде аса ауыр, ауыр қылмыс, орташа қылмыс жасаған сотталғандар отыр. Сүрініп кетіп, бүлінген тағдырларды тәрбиелеу мақсатында түзеу мекемесі 2021 жылдан бері «Шекарасыз кітап оқу» акциясын өткізіп келеді. Шара аясында жазасын өтеушілер арнайы комиссия бекіткен 100 кітаптың он шақтысын оқып, талдауы керек.
Айдос Метжанов, №35 түзеу мекемесі бастығының орынбасары:
- Сол кітаптарын мазмұндап эссе жазады. Сол эссені мазмұндап айтып береді. Комиссия құрамы көтермелеу шараларын қолданып, сол көтерме шаралар арқылы кейін соттан өтуіне, ертерек босап шығуына ықпалын тигізеді
Айбек, жазасын өтеуші:
- Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол – ақынның білімсіз бейшарасы.
Акция аясында Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін жаттаған Айбектің Қарағанды облысындағы 35 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқанына 6 жыл болды. Ол Қылмыстық Кодекстің 234 бабының 3 тармағы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айрылған.
- Рухани жаңғыру боп жатыр, ішкі қатпардың рухани көтерілуіне, түзеу жолында нық тұруымызма «Шекарасыз кітап оқу» шарасы өте көмегін жақсы тигізді деп ойлаймын.
Ал денеге аса ауыр жарақат келтіру бабымен 8 жылға сотталған Алексей 10 кітапты тауыстым, - дейді. Дені қазақ және орыс классиктері. Сондай-ақ Алексей Абайдың әндерін орындап, комиссияны таңғалдырды.
Абайдың 180 жылдығына арналған кітап оқу шарасы қазақша күрестен жарысқа ұласты. Шараға 100-ге жуық сотталған қатысып, екі салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Кітап пен спорт жан мен тән үшін – ең сабырлы ұстаз. Егер тәрбиеленушінің кеудесінде сәуле болса... Мақсат – ниеті ізгі болса...
Мақпал Мадиярова, Әлібек Әлиев