Маңғыстау облысында мектеп асханасының меңгерушісі сотталды

  • 376
  • 30.04.2025, 18:57

Маңғыстау облысында мектеп асханасының меңгерушісі Дәметкен Шәкенова бір жылға сотталды. Тергеу дерегінше, қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсеткен ол санитарлық-эпидемиологиялық заң талаптарын өрескел бұзған. Еске салсақ, былтыр 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданындағы №8 мектептің оқушылары астан уланып, 460 бала ауруханаға түскен еді. Абырой болғанда, олардың барлығы емделіп шықты. Тексеру нәтижесінде, мектеп асханасында жұмыс істеген 12 адамнан «стафилококк» бактериясы табылды. Сондай-ақ ыдыс жуушы әйел дизентерияны тасымалдаушы болып шықты. Шәкенова сот залында қамауға алынды. 

Серік Наурызбаев, Мұнайлы аудандық сотының төрағасы:

-Шәкенова Дәметкенді ҚР ҚК 304 бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша 3 жыл мерзімге қоғамдық тамақтану саласындағы қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.